«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасында ірі жеңіліске ұшырады

30.10.2025, 22:44

Қазақстандық «Қайрат» футзал клубы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Португалияның «Спортинг» командасымен күш сынасты.

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасында ірі жеңіліске ұшырады

Кездесу барысында португалиялықтар жылдам есеп ашып, бірінші таймда-ақ ойын тағдырын шешті. Нәтижесінде олар 7:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қос команда 2024 жылы да жолығып, алматылықтар 3:2 есебімен басым түскен еді.

Енді қазақстандық команда үшінші топтағы соңғы ойынын 1 қарашада «Приштина» (Косово) клубына қарсы өткізеді. 

Айта кетейік, кеше «Қайрат» клубы «Ново Вриеме» командасын 3:2 есебімен жеңген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футзал
Aladop Youtube
×