Алматылық команда алдағы уақытта өз қарсыластарын Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қарсы алады.
Футзал клубтың жаңа аренаға көшуіне Алматы қаласының әкімдігі үлкен үлесін қосыпты. Бұған дейін Олимпидалық даярлау орталығында жаттыққан команда енді көп функционалды аренада өз көрермендерін жинайды.
Айта кетейік, “Қайрат” футзал клубы спорт сарайындағы алғашқы ойынын 18-19 қараша күні “Бәйтерекке” қарсы өткізеді. Билет бағасы 1000 тг-ден басталады.
Желтоқсан айында Даниэль Жуниор командасы Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында бельгияның “Андерлехтін” дәл осы Балуан Шолақ аренасында қабылдайтын болады.