“Қайрат” Глазгода үш гол жіберіп, оңбай ұтыла ма? Ресейліктер матч жайлы болжам жасады

18.08.2025, 14:30

Ресейлік Soccer365.ru сайты Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі "Селтик" - "Қайрат" арасындағы алғашқы матчқа болжам жасады. 

“Қайрат” Глазгода үш гол жіберіп, оңбай ұтыла ма? Ресейліктер матч жайлы болжам жасады

"Селтиктің" құрамы жағынан кейбір мәселелері бар. Өткен маусымда шабуылдың екі жетекшісі клубтан кеткен, олардың орнын басар ойыншылар әзірге келген жоқ. Бірақ "Селтик” Қазақстандықтардан әлдеқайда тәжірибелі клуб. Олар өткен маусымда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде, "Бавариямен" (1:2, 1:1) теңдей күресті. Қазір команда керемет формада. Маусым алдындағы жеті жолдастық кездесуді өткізіп, одан кейін ішкі біріншілікте қатарынан үш ойында жеңіске жетті.

"Қайрат" "Слованды” пенальтиде жеңіп, тарихта алғаш рет емес, үшінші рет қана Қазақстандық клуб ретінде ЛЧ плей-оффына шықты. Бұл клуб тарихындағы ең үлкен жетістік. Алайда әрі қарай өту тым қиын болмақ. Оның үстіне, Валерий Громыко дисквалификация алған, ал алғашқы матч сырт алаңда өтеді. "Қайраттың” сырт алаңдағы нәтижелері көңіл қуантарлық емес, осы маусымдағы үш ойында екі рет жеңіліп, бір рет тең түскен.

"Сондықтан "Селтик” жеңіске жетеді деп ойлаймыз. Болжам: 3:0.”  – деп жазады сайт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×