Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы "Реалға" қарсы матч алдында құрамын күшейтуді көздеп отыр.
Қарағандылық "Шахтердің” қақпашысы Игорь Шацкий жақын күндері Алматылық клубқа қосылуы мүмкін.
"Белгілі болғандай, Шацкий соңғы турда "Жетісайға" қарсы өткен Бірінші лига матчының құрамына енбеген. Бұған себеп оның "Шахтермен” келісімшартты бұзуға дайындалып жатқаны және "Қайратпен" еркін агент ретінде келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отырғаны.” – деп жазды Extratime.kz