32 жасар Қазақстандық қақпашы Александр Заруцкий Алматылық клубтың сапында енді алаңға шықпайды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жақында ғана оның "Қайратпен” келісімшартын ұзартатыны туралы ақпарат тараған болатын.
Дикая Пуля телеграм арнасының мәліметінше, Заруцкий мен клуб басшылығы келісімшартты жаңарту жөнінде ортақ мәмілеге келе алмаған. Осыған байланысты ол алдағы "Олимпиакосқа” қарсы матчқа да қатыспайды және бұдан былай "Қайрат" жейдесін кимейді.
Сонымен қатар оған ҚПЛ-дік екі клубтан – "Тобыл” және "Елімайдан" нақты ұсыныстар бар екені белгілі болды.