“Қайрат” қақпашысына РПЛ клубтары көз тікті

12.08.2024, 11:53

22 жастағы “Қайрат” қақпашысы Вадим Ульянов мансабын РПЛ жалғастыруы мүмкін, деп жазады Kazfootballkz Scout in Eurasia порталына сілтеме беріп.

“Қайрат” қақпашысына РПЛ клубтары көз тікті

Бойы 1,90 см құрайтын қақпашы “Қайратта” 2022 жылдың қыс айынан бері өнер көрсетіп келеді. Ол сары-қаралар сапына “Қайрат” Мәскеу командасынан ауысып келді. Оған дейін Ульянов “Строгино”, “Балашиха”, “Виста” және “Метеор” клубтарының намысын қорғады. 

Алматы ұжымында Вадим осы маусымда барлығы 12 ойын өткізіп, 11 гол жіберді.

Портал мәліметінше жас қақпашыға “Химки” мен “Динамо” Махачкала ұжымдары қызығып отыр екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×