“Қайрат” қақпашысының құны бекітілді

Кеше ғана Чемпиондар Лигасында дебют жасаған Шерхан Қалмырзаның трансфер нарығындағы бағасы нақтыланды.

“Қайрат” қақпашысының құны бекітілді

Лиссабон төрінде жасыл алаңға шығып, сол арқылы аңыз қақпашы Икер Касильястың рекордың бұзған Шерхан Қалмырза бұдан былай 200 мың еуро тұрады.  

Осыған дейін “Қайраттың” үшінші қақпашысының құны Трансфермаркет порталында көрсетілмеген болатын. 

Қазірде Алматы ұжымының ең қымбат қақпашысы ретінде тәжірибелі Александр Заруцкий саналады (300 мың еуро). Одан кейін, трансфер құны бойынша Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбеков екеуі келеді (200 мың еуро). 

Клубтағы өз қатарластары бойынша Шерхан Данияр Ташпұлат (75 мың), Рамазан Бағдат (75 мың) және Исмаил Бекболат (150 мың) сынды футболшылардан қымбат тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×