“Қайрат” қақпасына қауіп. “Селтик” “Қайратпен” болатын жауапты ойын алдында 5 миллион еуроға шабуылшы сатып алды

24.08.2025, 13:00

Шотландиялық "Селтик" Бельгияның "Антверпен" клубымен шабуылшы Мишель-Анж Баликвишаның трансфері бойынша келісімге келді.

“Қайрат” қақпасына қауіп. “Селтик” “Қайратпен” болатын жауапты ойын алдында 5 миллион еуроға шабуылшы сатып алды

24 жастағы форвард биылғы жазда "Селтиктің" басты трансферлік мақсаты болған. Келісімшарт құны шамамен 5 миллион еуроны құрайды Transfermarkt.de мәліметінше, ойыншының нарықтағы бағасы – 7 миллион еуро.

Баликвиша жеке келісім-шарт талаптарын да мақұлдады және жақын күндері ұзақ мерзімді келісімге қол қояды.

Өткен маусымда Мишель-Анж Баликвиша "Антверпен” сапында 18 матч өткізіп, 4 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

"Селтик” 26 тамыз күні Алматыда "Қайратпен” қарымта кездесуін өткізеді. Алғашқы матч Глазгода 0:0 есебімен аяқталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×