“Қайрат” қақпасында тас қамал – Рекорд жаңарды ма?

Бүгін, 14:08

22 жастағы Темірлан Анарбеков биылғы маусымда нағыз сенімділіктің символына айналуда, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қайрат” қақпасында тас қамал – Рекорд жаңарды ма?

kazfootball.kz мәліметінше қазіргі уақытта Темірланның қақпасына гол соғылмағалы 435 минут болды. ҚПЛ-да соңғы рет Анарбеков 2025 жылдың 26 қазанында "Астананың" Хорватиялық легионері Марин Томасовтан гол өткізіп алған еді. 

Биылғы маусымда әзірге қақпасына ең көп уақыт гол жібермеген қақпашылар тізімі мынадай:

1. Темірлан Анарбеков ("Қайрат") – 435 минут

2. Степан Сикач ("Жетісу") – 210 минут

3. Нұрымжан Салайдин ("Қайсар") – 164 минут

4. Владимир Стойкович ("Елімай") – 164 минут

5. Виталий Ботнарь ("Ертіс") – 110 минут

6. Дмитрий Челядник ("Қызылжар") – 93 минут

Айта кетсек, ҚПЛ тарихындағы абсолютті рекорд тағы бір "Қайрат” қақпашысына тиесілі. Ол Сергей Бойченко.

Сергей (2005-2006) 921 минут бойы қақпасына бірде бір гол жібермеген болатын. 

Темірланға Бойченконың рекордын жаңарту үшін тағы 486 минут бойы қақпасын голдан аман сақтау қажет. Бұл шамамен алдағы 5,5 матч деген сөз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×