“Қайрат” капитаны құрама ойындарынан шет қалды

38 жастағы Александр Мартыновичтің ел-класико кезінде алған жарақаты бар екен.

“Қайрат” капитаны құрама ойындарынан шет қалды

Чемпионаттың соңғы турында алған жарақаты кесірінен Александр “Қайраттың” “Интерге” қарсы “Сан-Сирода” болған ойынынан шет қалған болатын (2:1). Егде жастағы қорғаушының жағдайы қалыпқа келе қоймағандықтан, ол Беларусьтің Дания мен Грекияға қарсы кездесулеріне қатыспайтын болыпты. Оның орнына Карлос Алос Ферер "Крылья" футболшысы Кирилл Печенинді қатарға қосты. 

Жалпы 2009 жылдан бері өз елінің ұлттық құрамасында Александр Мартынович 84 матч өткізіп, 2 гол соқты. 

Айтпақшы, “бульбаштар” құрамасына Александр қосыла алмаған болса да, Премьердің басқа да өкілдері алдағы ойындарға қатысатын болды. Олар Макс Эбонг (Астана), Егор Хвалько (Тобыл), Никита Корзун (Ақтөбе) және Валерий Громыко (Қайрат). 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Беларусь
Aladop Youtube
×