Тәжірибелі футболшының жасы мен келісімшарт мерзіміне байланысты туындаған сұрақтарға оның агенті Анатолий Сычев нүкте қойды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Көптеген жанкүйерлер мен сарапшылар Беларусь құрамасының ардагері үлкен футболмен қоштасады деп болжауда. Алайда агенттің айтуынша, Мартынович әлі де бабында және алаңнан кетуге асығар емес.
“Саша әлі де өзінің жоғары деңгейінде ойнап жүр. Мансабын аяқтауы мүмкін екендігі туралы маған ештеңе айтқан жоқ.” — деді Сычев.
Ойыншы мен “Қайрат” арасындағы келісімшартта арнайы мүмкіндік қарастырылған көрінеді. Агенттің айтуынша, келісімшартта екі жақтың келісімімен мерзімді тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар. Футболшының тағдыры жаздың ортасында толықтай шешіледі.
“Оның келісімшартында клубпен өзара келісім бойынша тағы бір жылға ұзарту опциясы бар. Шілде немесе тамыз айларында бәрі белгілі болады.” — деп нақтылады агент Legalbet.kz сайтына берген сұхбатын.