ФИФА-ның The Best марапатына дауыс беру барысында "Қайрат" көшбасшысы да өзінің фавориттерін атады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Оның үздік үштігі заманауи футболдың жас таланттары мен шеберлерінен құралған.
Александр Мартыновичтің үздік үштігі:
1. Ламин Ямал
Мартынович әлемнің ең үздік ойыншысы ретінде 17 жастағы Испандық вундеркиндті таныды. Ямалдың "Барселона” сапындағы феноменалды көрсеткіштері "Қайрат" капитанын бей-жай қалдырмаған көрінеді.
2. Килиан Мбаппе
Екінші орынды әлемдік футболдың басты жұлдыздарының бірі Килиан Мбаппе иеленді.
3. Витинья
Үшінші орынға "ПСЖ"-ның Португалиялық жартылай қорғаушысы Витинья жайғасты. Бұл таңдау Мартыновичтің тек шабуылшыларды ғана емес, алаң ортасында ойынды ұйымдастыратын шеберлерді де жоғары бағалайтынын көрсетеді.
Алайда, бұл беделді марапат биыл Осман Дембелеге бұйырды.