"Қайраттың" қорғаушысы Александр Мартынович жарақатына байланысты Қазақстан Премьер лигасының алғашқы турларына қатыса алмайды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл туралы футболшының агентi Анатолий Сычев Legalbet.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.
Агенттің айтуынша, Беларусьтік легионер іштің қиғаш бұлшықетін зақымдап алған. Бұл жарақат футболшының толыққанды жаттығу жасауына және маусымның ашылу матчына қатысуына кедергі келтіріп отыр.
"Александр Мартыновичтің іш тұсындағы қиғаш бұлшықетінде аздаған ақау бар. Дегенмен, оның "Ақтөбеге” қарсы өтетін маңызды кездесуге дейін қатарға қосылып, дайын болатынына сенеміз." — деді Анатолий Сычев.