Шотландиялық “Селтик” ұжымы қаптал вингері Мишель-Анже Баликвишамен келісімге келді.
Глазго командасы 24 жастағы бельгиялықпен 5 жылдық келісім шартқа отырды. Қаптал вингері “Селтикті” Еуропа Лигасы ойындары алдында күшейту үшін командаға қосылды.
Мишель-Анже Брендан Роджерс командасына “Антверпен” клубынан 5,20 млн еуроға ауысты. Онда ол осы уақытта дейін барлық турнирлерде 145 матч өткізіп, 30 гол мен 17 голдық пас берді. Аталған ұжымнан бөлек, Баликвиша “Стандард” Льеж бен “Антверпеннің” екінші құрамында өнер көрсетті.
Жаңа командасында Бельгияның Жастар құрамасы ойыншысы 10 нөмірмен ойнамақ.
Еске салсақ, “Селтик” “Қайрат” клубының Чемпиондар Лигасындағы плей-офф кездесуіндегі қарсыласы атанған болатын. Қос матч қорытындысы бойынша тең тарқасқан командалар Алматыдағы шешуші ойын тағдырын пенальти бәсекесі арқылы анықтаған еді (3:2).