“Қайрат” қарсыласы “Брюгге” матчында 10 гол тіркелді

25.09.2025, 12:30

Бельгия чемпионатының 5-турында “Брюгге” өз алаңында “Вестерломен” 5:5 есебімен тең түсті.

“Қайрат” қарсыласы “Брюгге” матчында 10 гол тіркелді

“Брюгге” сапында Николо Тресольди дубль жасаса, Карлос Боргес пен Роберто Сейс те бір-бір голдан соқты. Сондай-ақ ойын соңында “Вестерло” қорғаушысы Эмин Байрам өз қақпасына гол салып алды.

Айта кетейік, дәл осы “Брюггені” “Қайрат” 20 қаңтарда Алматыда күтіп алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×