Лондондық "Арсенал" Чемпиондар лигасының алғашқы матчында сырт алаңда "Атлетиктен" 2:0 есебімен басым түсіп, Испания командаларына қарсы алтыншы рет қатарынан жеңіске жетті.
Бұл көрсеткіш Чемпиондар лигасы мен Чемпиондар кубогы тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік.
“Зеңбірекшілер” бұған дейін "Севильяны", "Жиронаны” және Мадридтік "Реалды” тізе бүктірген еді.