Өз тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіне шыққан "Пафос" клубының логотипі жайында мынадай қызық мәлімет бар екен.
Өткен маусымда Кипр чемпионы атанып, еурокубоктің басты додасында өнер көрсетуге мүмкіндік алған “Пафос” Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңі жолында “Маккаби Тель-Авив” (2:1), “Динамо” Киев (3:0), “Црвена Звезда” (3:2) клубтарын жарыстан шығарды. Соның нәтижесінде жанкүйерлеріне ұмытылмас эмоция сыйлады.
Ендігі кезекте өз тарихында тұңғыш рет элиталы еурокубок турнирінде бақ сынасып отырған “Пафостың” логотипінде кім бейнеленгеніне тоқталайық!
Кипр ұжымы таңбасында мемлекеттің азаттығы үшін күрескен Эвагорас Палликаридис бейнесі көрсетілген екен. Ол өзі туып-өскен кішкене ғана мекеннің британдардың әмірлігіне өтіп кетпеуіне жанын берген арды азамат болыпты. Эвагорас өмірінің соңғы күндеріне дейін елдің партизандық ұйымдарының белсендісі болып, келімсектерге қарсы күрес жүргізді. Алайда 1957 жылы Палликаридис тұтқынға алынып, дарға асылды. Сол сәтте дәм тұзы таусылған Эвагорастың жасы небәрі - 19-да еді…
Өлім жазасына кесілмей тұрып, революционер баскесерлерге былай деген екен:
“Мені өлім жазасына кесетіндерінді іштей білемін. Бірақ мен, өз елінде бостандық қалаған гректер мен кипрліктер үшін барлығын жасадым”.
Британ жауыздарының қолынан қаза тапқан патриот қазірде Кипр елі тұрғындарының аузынан түспейтін халық қаһарманы. Эвагорстың өлімінен 3 жыл өткеннен кейін "Пафос" клубы азаматтың жарқын бейнесін өз логотипіне естелікке бейнелеуді құп көреді.
Алдағы уақытта “Қайратқа” қарсылас атанған кипр ұжымының эмблемасына назар аударып жатсаңыздар, осы мақала арқылы оның революционер - Эвагорос Палликаридис екенін еске түсіре жатарсыздар деп білемін.