“Қайрат” қарсыласының маңызды ойыншысы жарақат алды

03.12.2025, 16:50

"Олимпиакос" ойыншысы Панайотис Рецос "Қайратқа" қарсы ойында алаңға шықпайды, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

“Қайрат” қарсыласының маңызды ойыншысы жарақат алды

Грекиялық клубтың капитаны 30 қарашада "Панетоликос" командасына қарсы өткен қонақтағы ойынның алғашқы тайм соңында бұлшықет зақымдануы салдарынан алаңнан  кетуге мәжбүр болған еді.

Дәрігерлердің айтуынша оның бұлшықет талшықтары жыртылған.

Осы себепті футболшы 9 желтоқсанда Астанада өтетін "Қайратқа” қарсы матчқа қатыса алмайды.

Панайотис Рецос Англия, Франция, Италия, Германия елдерінің негізгі біріншілігінде доп тепкен тәжірибелі футболшы. Оның алаңда болмауы Грек командасының әлеуетіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×