"Реал Мадрид" "Қайратпен" өтетін маңызды матч алдында негізгі қорғаушысынан айырылды.
Клубтың ресми хабарламасына сәйкес, Неміс ойыншысы Антонио Рюдигер сол аяғының бұлшық етін жарақаттап алды. Испандық БАҚ-тың хабарлауынша, ол шамамен үш ай бойы жасыл алаңға шықпайды.
Бұл маусымда Рюдигер команда сапында бар болғаны бір матч өткізген. Дегенмен, Германия құрамасы үшін халықаралық үзіліс кезінде екі ойында толыққанды өнер көрсетті. Жарақатты ол клубқа оралғаннан кейінгі алғашқы жаттығулардың бірінде алған.