“Қайрат” қарсыласының шабуылшысы бір матчта төрт гол соқты

11.09.2025, 11:25

Алматылық “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы – Португалиялық “Спортинг” шабуыл шебінде қуатты ойыншыға ие болды. Жаңа ойыншысы, Колумбиялық Луис Суарес ұлттық құрама сапында сенсациялық нәтижеге қол жеткізді.

“Қайрат” қарсыласының шабуылшысы бір матчта төрт гол соқты

Венесуэлаға қарсы өткен ойында Суарес небәрі 25 минуттың ішінде төрт гол соғып, покер авторы атанды. Ол 42-ші минуттан бастап 67-ші минутқа дейін қарсылас қақпасын бірнеше мәрте шайқалтып, Колумбия құрамасының ірі жеңісіне зор үлес қосты.

Бұл ойыннан кейін Колумбия құрамасы іріктеу кезеңін 3-орынмен аяқтады. Олар тек Аргентина мен Эквадорға жол берді.

Жазда Суарес Испанияның “Альмериясынан” Лиссабонның “Спортингіне” ауысқан болатын. Қазірдің өзінде Португалия чемпионатында 4 матчта 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Бұл оның формасы үздік деңгейде екенін көрсетеді.

18 қыркүйекте “Қайрат” Чемпиондар лигасының алғашқы ойынын Лиссабонда дәл осы “Спортингке” қарсы өткізеді. Суарестің сұмдық формасы Қазақстандық клуб үшін үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×