"Олимпиакос" клубының жартылай қорғаушысы 18 жастағы Христос Музакитис Golden Boy Web сыйлығын жеңіп алған тарихтағы алғашқы Грекиялық футболшы атанды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Музакитистің айтуынша, бұл сыйлыққа қол жеткізу оның араманы болған:
“Бұл менің бала кезімнен қойған мақсатым болды. "Олимпиакос" академиясында он жыл өткіздім, сол клубта өсе келе чемпион болудың мәні мен ойлау тәсілін түсіндім.” — деді Христос.
Музакитис жарты миллионға жуық дауыс жинау арқылы Golden Boy Web 2025 байқакында жеңіске жетіп отыр.
Сыйлықты иелену кезінде оның жанында отбасы мен "Олимпиакос" спорт директоры Дарко Ковачевич болды.
Музакитистің "Олимпиакос” құрамындағы жолы тез әрі табысты басталуда. Өткен маусымда ол клубқа UEFA Youth League жеңісіне жетуге көмектескен. Финалдық “АС Миланға" қарсы ойында ол алғашқы голды соққан болатын. Және 8 Еуропалық матчта 6 гол соғып 1 нәтижелі пас берген еді.
Бірнеше айдан кейін ол негізгі құрамға қосылып, негізгі ойыншыдардың біріне айналы, 36 матчта, 2 гол соғып, 5 ассист жасау арқылы командасының ішкі екі негізгі трофейді ұтуына зор үлес қосты.
Биылғы маусымда ол Грекия Супер лигасында әзірге 16 матчқа қатысып үлгерген.
Еске сала кетсек, Чемпиондар лигасы аясындағы “Қайрат” – “Олимпиакос” матчы 9-шы желтоқсанда Астана Аренада өтеді.