Алматылық "Қайрат" Бразилиялық тәжірибелі қорғаушы Лукас Африкомен ресми түрде келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қос тарап арасындағы еңбек шарты 2026 жылдың соңына дейін жасалған.
Ойыншы туралы мәлімет:
• Толық есімі: Лукас Энрике да Силва
• Туған жері: Сан-Паулу, Бразилия
• Жасы: 30-да
• Бойы: 188 см
• Салмағы: 85 кг
• Амплуасы: Орталық қорғаушы
Мансап жолы: Бразилиядан Еуропаға дейін
Лукас Африко кәсіби футболдағы алғашқы қадамдарын 2015 жылы Гуаральюс қаласындағы "Фламенго” клубында бастаған. Кейіннен Бразилияның беткеұстар ұжымдары — "Сантос” пен "Лондрина” сапында ойнап, шеберлігін шыңдады.
2018 жылы Eуропалық футбол нарығына шыққан қорғаушы Португалия чемпионатында таныла бастады. Ол "Маритиму" және "Эшторил” секілді ұжымдарда бірнеше маусым тұрақты өнер көрсетті. Португалияның жоғары дивизионында жалпы 75 кездесуге қатысып, қорғаныстағы сенімділігімен қатар, қарсылас қақпасына 3 гол соғып үлгерді.
Соңғы жылдардағы жетістіктері
Лукас бұған дейін Әзірбайжанның "Габала” клубында және Португалияның "Фаренсе” командасында бақ сынаған. "Қайратқа” ауысқанға дейін Түркияның бірінші лигасындағы "Ван Спор” сапында 11 матч өткізді.
Бойының ұзындығы мен физикалық дайындығы Лукасқа әуедегі тартыста басымдық береді. Алматылық жанкүйерлер Бразилиялық легионер команданың қорғаныс шебін айтарлықтай күшейтеді деп күтуде.