«Қайрат» Қазақстаннан топ-командалар қатарына енген жалғыз клуб атанды

Бүгін, 11:59

Opta суперкомпьютері футбол командаларының жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады.

«Қайрат» Қазақстаннан топ-командалар қатарына енген жалғыз клуб атанды
"Қайрат" ФК футболшылары

Тізімге 13 мыңнан астам клуб енген. Олардың қатарында Қазақстан Премьер-лигасының өкілі де бар. Рейтингті жасау кезінде команданың ұлттық чемпионаттағы нәтижелері, лиганың жалпы деңгейі, сондай-ақ ел мен құрлық рейтингі ескерілген. Отандық клубтардың ішінде ең жоғары орынды алматылық «Қайрат» иеленді. Команда 24 сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 486-орынға жайғасты. Осылайша, алматылықтар Қазақстаннан топ-500-ге енген жалғыз клуб атанды. Сондай-ақ, Әлемнің алғашқы мыңдығына ҚПЛ-ден тағы үш клуб кірді - «Астана» – 591-орын, «Тобыл» – 877-орын және «Ақтөбе» – 963-орын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×