«Қайрат» қазір кез-келген команданы жеңе алады? Белгілі бапкер алматылықтардың «Селтиктен» өтеріне сенімді

14.08.2025, 12:04

«Аладоп.кз» белгілі бапкер Болат Есмағамбетовпен сұқбаттасып, «Қайраттың» «Селтикке» қарсы мүмкіндігі жайлы ойын білді.

«Қайрат» қазір кез-келген команданы жеңе алады? Белгілі бапкер алматылықтардың «Селтиктен» өтеріне сенімді
"Қайрат" ЧЛ плей-офына шыққан сәт

Командалар ЧЛ плей-офф кезеңіндегі алғашқы кездесуін 20-тамызда Шотландияда өткізеді.

«Шотландияда екі тур өтті. Чемпионат енді басталып жатыр. Қарсыластың футболшылары тонусқа ақырындап келуде. Шотландия біріншілігінің ерекшелігі бар – Англияда өзін көрсете алмағандар осы жерге келіп, шыңдалып, қайтадан АПЛ-ге оралады. Ал «Селтик» өз еліндегі ең мықты клуб. «Қайрат» осыған дейін ойнаған үш командадан деңгейі әлдеқайда жоғары. Бірақ, бәрібір алматылықтарда жақсы мүмкіндік бар. Неге дейсіз ғой? Біріншіден - алғашқы ойын сырт алаңда болады. Сол кездесуден кейін «Қайрат» қарсыласымен қалай ойнау керектігін түсінеді әрі бірінші нәтижеге  жоспар құрып қимылдайды. Қызық ойын болады. Алматылық команда қазір куражда. Кураж ұстап алған. Жігіттердің өздеріне деген сенімдері артқан, сондықтан «Қайрат» қазір кез-келген команданы жеңе алады», - деді Б. Есмағамбетов.

«Қайрат» пен «Селтик» арасындағы жауап ойын 26-тамызда өтеді.      

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×