«Қайрат» келесі кезеңге шығады! Клуб президенті өте сенімді. Қайрат Боранбаевқа үміт сыйлаған не жағдай?

12.08.2025, 11:35

«Қайрат» клубының президенті Қайрат Боранбаев «Слованға» қарсы қарымта матч қарсаңында пікірімен бөлісіп, командасының мақсатын айтты.

«Қайрат» келесі кезеңге шығады! Клуб президенті өте сенімді. Қайрат Боранбаевқа үміт сыйлаған не жағдай?
Дастан Сәтпаев "Слован" қақпасына салған голын тойлауда

Естеріңізде болса, алматылық клуб ЧЛ 3-іріктеу кезеңінің бірінші бәсекесінде Словакия чемпионын 1:0 есебімен ұтқан болатын. Ойындағы жалғыз голдың авторы 16 жасар шабуылшы Дастан Сәтпаев.

«Братиславада бізді күрделі ойын күтіп тұр. Бұл түсінікті, себебі қарсылас өте тәжірибелі команда, ал оның бапкері Владимир Вайсс өте беделді бапкер. Мүмкін, оның командасына көмектесе алмайтыны бізге кішігірім басымдық  беретін шығар, бірақ ең бастысы біздің көңіл-күйіміз бен дайындығымыз керемет. Жігіттердің өз күшіне деген сенімі артып, ойынға тас-түйін дайын. Оның үстіне кездесуге осыған дейін дисквалификациясы болғандар да қатыса алады. Біздің жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын. Олар Чемпиондар Лигасынын барлық ойындарында керемет қолдау жасады, бұл бізге қосымша күш сыйлады. Тапсырманың жартысын орындадық – Еурокубоктің күзгі бөлігінде бақ сынау мүмкіндігін алдық. Алайда, мақсатымыз одан да жоғары, соған ұмтыламыз. Домалақ доп біз діттеген жерге кіріп кетеді деп үміттенемін», - деді Қ. Боранбаев «sport24-ке» берген сұқбатында

«Слован» - «Қайрат» кездесуі бүгін 23:15-те басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×