Шотландиядағы ең ірі стадион саналатын «Селтик Паркта» алматылық ұжым жеңіліп қана қоймай, «Селтиктің» ерекше жетістігін де бұзып кетті.
Чемпиондар лигасының плей-оффында «Қайрат» клубы қарсыласынан тиімді ғана қорғанып қана қоймай, өз қақпасына мүлдем гол жібермеді. Бұған дейін Брендан Роджерс баптайтын футболшылар өз алаңында 46 ойын бойы үздіксіз гол соғып келген еді. Соңғы рет олар 2023 жылы 16 желтоқсан күні Шотландия чемпионаты аясында «Хартсқа» қарсы матчта голсыз (0:2) кеткен еді. Бұл аралықта олар «Бавария», «Лейпциг» сынды азулы ұжымдардың қақпасынан да саңылау тауып келген болатын.
«Селтик» клубының жанкүйерлерінің басты алаңдаушылығы да осында жатыр. Өз алаңында гол соға алмаған команданың Қазақстанда жеңіске жету мүмкіндігі төмендеу. Статистикаға назар аударсақ та, «Селтик» 3 рет, «Абердин» (1:2) 1 мәрте, Шотландия құрамасы (0:3), Шотландияның 21 жасқа дейінгі құрамасы (2:3, 2:2) Қазақстаннан әлі жеңіспен қайтпаған.
Енді барлығы 26 тамыз күні Алматының «Орталық» стадионында шешіледі.