«Қайрат» клубының бірнеше түлегі Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде дебют жасады

19.09.2025, 11:58

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне алғаш рет шыққан «Қайрат» клубы 1-турда сырт алаңда Португалияның «Спортинг» клубымен жолықты.

«Қайрат» клубының бірнеше түлегі Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде дебют жасады

Бұл ойын 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Нәтижеден бөлек, бұл матчта «Қайрат» командасының 6 бірдей футболшысы дебют жасады.

Қақпашылардың жарақатына байланысты 18 жастағы Шерхан Қалмұрза қақпа бағанасы сеніп тапсырылды. Жас ойыншы тіпті 21-минутта қарсыластың пенальтиін де қайтарып, көзге түсті.

Клубтың ең жас 17-дегі Дастан Сәтпаев та дебют жасағанымен, алматылық ұжымның көшбасшы футболшыларының біріне айналып үлгерді.

21 жастағы қорғаушы Александр Мрынский алаңда 81 минут өткізді.

23 жастағы қорғаушы Дамир Қасаболат жасыл алаңда 75 минут доп тепті.

23 жастағы қорғаушы Лев Кургин 81-минутта қосалқы құрамнан шықты.

23 жастағы қорғаушы Әділет Садыбеков 75-минутта қосалқы құрамнан шықты.

Айта кетейік, «Қайрат» клубы енді 30 қыркүйекте өз жерінде атақты «Реал Мадридті» қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×