Чемпиондар Лигасының “Селтик” - “Қайрат” кездесуін Глазго стадионында тамашалаған қазақ жанкүйерлерінің саны белгілі болды.
Еске салсақ, “Қайрат” командасы Чемпиондар Лигасының алғашқы плей-офф ойынында шотландиялық “Селтикпен” сырт алаңда 0:0 есебімен тең тарқасты. Алаң иелері допқа көп иелік етіп, соққыларды жиі жасағанымен, таблодағы есепке сол күйі өзгеріс енгізе алмады.
Аталған ойынды “Селтик Парк” стадионынан 60-қа жуық қазақ жанкүйері тамашалапты. Көбісі Ұлыбританияның Бирмингем шаһарынан “Қайрат” үшін арнайылап ат терлепті келіпті.
1892 жылдың 20 тамызында қолданысқа берілген стадион 60 832 адамды құшақ дая сыйдыра алады.
“Қайрат” пен “Селтик” арасындағы қарымта матч 26 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған.