“Алатауфанс” пен Алматы командасы жақын күндері кездесуі өткізбекші.
Кездесуді ұйымдастыруға фан-сектордың өзі сұраныс білдіріпті. Команданың жалынды жанкүйерлері Қайрат Боранбаевпен бетпе-бет сөйлесіп, клубпен болған арадағы кикілжіңді шешпек ниетте.
Естеріңізге салсақ, “Қайраттың” фан-клубы сәуір айынан бері Орталықта өтіп келген матчтарға барудан бас тартқан. Бұған себеп, Алматы ұжымының жанкүйерлер тарапына немқұрайлы қарауы.
Финляндиялық КуПС өткен сырт алаңдағы кездесуден кейін “Қайраттың” Чемпиондар Лигасындағы жағдайы біршама қиындады. Ендігі қарымта ойында “сары-қаралар” өз жерінде барын салып, камбэк жасауға тырысуы қажет. Ал ол үшін Орталықта ұрандатып, команданы алға жетелейтін фан-сектордың стадионға қайтып келуі маңызды.