Нақтырақ айтқанда, Алматы ұжымының футболшыларын Фарер аралдарымен болатын кездесуде көрмейміз.
“Қайраттан” Анарбеков, Сатпаев, Қасаболат және Тапалов ел құрамасының Бельгиямен болатын матчына қатысады. Алайда одан араға үш күн сала, Фарермен өтетін кездесуден аталған ойыншылар шет қалады.
Оған басты себеп Чемпиондар Лигасының ойыны. 26 қараша күні Копенгагенге қарсы матчқа дейін Қайрат Дания астанасына ертерек жетіп алуды көздеп отыр екен. Сол үшінде жоғарыда аталған алматылықтар Қазақстан қосынынан ертерек кетіп, еурокубок кездесуіне дайындықтарын пысықтайды.
Еске салсақ, “Копенгаген” - “Қайрат” ойыны 26 қараша күні сағат 22:45-те басталады. Жергілікті фанаттар кездесуді Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.