“Қайрат” командасын спорттық жейдемен қамтамасыз ететін бренд ауыспақ

Алматылық клубтың Joma брендімен арадағы келісім шарты осы жылы аяқталады.

“Қайрат” командасын спорттық жейдемен қамтамасыз ететін бренд ауыспақ

“Қайрат” клубы жаңа спорттық серіктесін табу барысында бас қатырмайтын болыпты. Сары-қаралар алдағы уақытта өзіндік брендті қалыптастырып, оны көпшілік қауым алдында жарыққа шығармақ ниетте.

Жалпы “Қайрат” испандық Joma брендімен 2022 жылы келісімге отырған болатын. Содан бері әйгілі спорттық серіктес Алматы командасын түгелдей экипировкамен қамтамасыз етіп отырды.

Қазірде компания әлемде “Вильярреал” (Испания), “Хетафе” (Испания), “Аталанта” (Италия), “Торино” (Италия), “Хоффенхайм” (Германия), “Норвич Сити” (Англия), “Андерлехт” командаларының ресми серіктесі болып табылады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×