“Қайрат” қақпасына айып алаңы сыртынан гол соққан Яакко Оксанен сары қағаздардың көптігі кесірінен келесі матчтардан шет қалуы мүмкін.
24 жастағы жартылай қорғаушы “Милсами” мен Алматы ұжымына қарсы ойында бір-бір сары қағаздан алды.
Яакко Орталықта өтетін бүгінгі ойында да төреші тараптан жазаланса, алған сары қағаздар санын үшке жеткізіп, келесі матчтан автоматты түрде шеттетіледі.
Оксанен осы маусымда КуПС сапында 15 матч өткізіп, 1 гол соқты. Жалғыз нәтиженің өзің жартылай қорғаушы қазақстандық командаға қарсы кездесуде тіркеді.
Айта кетейік, бүгін “Қайрат” Чемпиондар Лигасының екінші іріктеуінің қарымта ойыны аясында финляндиялық КуПС клубын қабылдайды. Матч елорда уақытымен сағат 19:50-де басталады.