Хуан Карлос Карседо – "Спартак" командасының жаңа жаттықтырушысы.
52 жастағы маман мәскеулік командамен 2028 жылдың жазына дейін келісім шартқа отырды. Бұған дейін ол кипрлік "Пафос" клубында қызмет жасады. Аталған ұжыммен Карседо Кипр чемпионаты мен Кубогын жеңіп алды. Және “Пафосты” АПОЭЛЬ-ден кейінгі еурокубоктің жалпы кезеңіне шыққан екінші кипрлік ұжым дәрежесіне жеткізді.
Атақты бапкер Унаи Эмеримен 12 жыл қызметтес болған Карлос Карседо естеріңізде болса, өз командасын өткен жылдың қазан айында Алматыға алып келген болатын. Чемпиондар Лигасының 3-турына жоспарланған “Қайрат” - “Пафос” кездесуі сол уақытта 0:0 есебімен аяқталып еді.
Биылғы Ресей біріншілігінде “Спартак” 18-тур қорытындысы бойынша 29 ұпай жинап, турнир кестесінде 6 орынға жайғасты.