«Қайрат» қорғаушысы «Ақтөбеге» қарсы ойыннан кейін: Нани бұл ойында түк те бітіре алмады

Бүгін, 12:40

«Қайраттың» орталық қорғаушысы Александр Широбоков «Ақтөбемен» өткен кездесуді түйіндеп, Луиш Нанидің өнерін бағалады.

«Қайрат» қорғаушысы «Ақтөбеге» қарсы ойыннан кейін: Нани бұл ойында түк те бітіре алмады
Луиш Нани "Ақтөбе" сапында

Кеше алматылық команда ҚПЛ-2026 2-турында ақтөбеліктермен жолығып, 1:0-мен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голдың авторы Дастан Сәтпаев. Ал Луиш Нани матчты қосалқы құрамнан бастап, алаңға 70-минутта шықты.

«Нани? Кездесуден бұрын ол туралы ақылдастық. Жоқ жерден пас беріп кететінін білдік, абырой болғанда өзін жауып тастай алдық. Нани бұл ойында түк те бітіре алмады. Иә, «Манчестер Юнайтед» командасында ойнаған, бірақ бұны Нани алаңға шыққанда ғана есіме түсірдім. Чемпиондар Лигасынан кейін ешбір жұлдыз қорқынышты емес. Алайда, кез-келген қарсыласқа құрметпен қарау керек», - деді А. Широбоков «Vesti.kz» порталына берген сұқбатында.  

«Қайрат» 2 турдан кейін жеке дара көш бастады. «Ақтөбе» 3 ұпаймен 5-орында. Алматылықтар келесі ойында «Жетісумен» жолығады. «Ақтөбе» «Елімайға» қарсы тұрмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 4
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×