“Қайрат” қорғаушысы өз елінің құрамасымен бірге Олимпиада ойындарына жолдама алды

30.04.2024, 17:49

Өзбекстан U23 Азия Кубогының жартылай финалында Индонезия командасын 2:0 есебімен жеңді.

“Қайрат” қорғаушысы өз елінің құрамасымен бірге Олимпиада ойындарына жолдама алды

Азия Кубогы, жартылай финал

Индонезия 0:2 Өзбекстан

Голдар: Хусаин Норчаев 68, Пратама Архан (автогол) 86

“Қайрат” қорғаушысы Ибрахимхалил Юлдошев аталған кездесудің 91 минутында алаңға шықты. 

Осы жеңістің арқасында өзбек ойыншылары Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды. Төрт жылда бір келетін дүбірлі дода 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

3 мамыр күні Өзбекстан Азия кубогындегі шешуші матч өткізбек. Құрама Жапония мен Ирак арасындағы кездесуде жеңімпаз ұжыммен бас жүлдеге талас құрады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×