“Қайрат” қорғаушысы ұлттық құрама ойынында жарақат алды

Беларусь ұжымы Әлем чемпионаты іріктеуінде Грекиядан оңбай ұтылды (5:0).

“Қайрат” қорғаушысы ұлттық құрама ойынында жарақат алды

Кешегі өткен кездесуде гректер Беларусь құрамасы қақпасына 5 гол соқты. Алаң иелері бірінші таймның өзінде Карлос Феррер жігіттерін 4:0 есебімен жеңіп, үзіліске сенімді аттанды. 

Екінші таймда онсызда ірі есеппен жеңіліп жатқан команда өзінің қорғаныстағы көшбасшысы Александр Мартыновичтен айырылып қалды. “Қайрат” ойыншысы 54 минутта болған қақтығыс кесірінен тісін сындырып, алаңдағы орнын Захар Волковқа босатып берді. 

Осылайша Беларусь Әлем чемпионатына іріктеуідің алғашқы кездесуін сәтсіз аяқтады. Келесі ойында “ақ қанаттылар” Шотландияға қарсы тұратын болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×