“Қайрат” көш басына шықты

Алматылық “Қайрат” ішкі чемпионаттың 17-турында петропавлдық “Қызылжардан” басым түсті (0:1).

“Қайрат” көш басына шықты

Сырт алаңдағы кездесуде Кержаков командасы Андрей Ульшиннің соққан жалғыз голының арқасында жеңіске жетті. Матч барысында екі рет сары қағазбен жазаланған “Қызылжар” ойыншысы Зоран Нижич матчтан шеттетілді. Ол енді Петропавл ұжымының “Елімайға” қарсы болатын ойынына қатыспайды. 

Жеңісті кездесуден кейін “Қайрат” турнирлік кестеде 1 орынға көтерілді. Екінші сатыда бұдан бірнеше күндер бұрын “Атыраумен” тең түскен “Ақтөбе” келе жатыр. Дмитрий Парфенов шәкірттері сары-қаралардан 3 ұпайға қалық. Ал үздік үштікті еурокубокте жолы болмаған “Ордабасы” түйіндеп отыр. 

Премьер-лигадағы келесі матчын “Қайрат” 25 тамыз күні өз алаңында өткізеді. Қарсылас - “Тобыл” ұжымы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
×