“Қайрат” көшбасшысынан айырылуы мүмкін – Егор Сорокинге Азия алпауыттары көз тігуде

Бүгін, 14:15

Алматылық "Қайраттың" қорғаныс шебіндегі тірегі — Pесейлік Егор Сорокин осы қысқы трансферлік кезеңде командадан кетуге жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қайрат” көшбасшысынан айырылуы мүмкін – Егор Сорокинге Азия алпауыттары көз тігуде

Тәжірибелі қорғаушыға Шығыс Азияның белді клубтары нақты ұсыныстар тастап үлгерген.

Кімдер қызығушылық танытып отыр?

Metaratings.ru мәліметінше, 30 жастағы футболшыны өз қатарынан көргісі келетіндердің тізімі мынадай:

• Оңтүстік Кореядан: "Сеул" және "Инчхон Юнайтед"

• Қытайдан: "Чунцин Тоньлянлонг"

Бұл үш ұжым да "Қайратқа" ресми сұраныс жіберіп, трансфердің мән-жайын талқылауға көшкен.

Сорокиннің "Қайраттағы” жетістігі

Егор Сорокин Алматы клубына 2024 жылы қосылып, қысқа уақыт ішінде команданың негізгі  ойыншыларының біріне айналды. 2 мәрте Қазақстан чемпионы атанған ол “Қайрат” жейдесінде 52 матчқа қатысып, 2 гол соқты және, 2 нәтижелі пас берді. 

2025/26 жылғы маусымда "Қайратпен" бірге Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Іріктеуді қосқанда турнирдің барлық 14 матчында алаңда бастан-аяқ (90+ минут) өнер көрсетті.

Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысын Transfermarkt 1 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×