«Қайрат» - «КуПС» кездесуіне болжам

29.07.2025, 11:14

Алматылық клуб бірінші кездесуде Куопиода жаман ойнаған жоқ. Біраз компонентте басым болды.

«Қайрат» - «КуПС» кездесуіне болжам
"Копенгаген" футболшылары

Бірақ, бір апта бұрынғы бәсекеде сәттілік алаң иелерін таңдағандай. Қазақстан чемпионы бүгін есесін қайтара ала ма? «Қайрат» командалардың бірінші матчынан кейін ҚПЛ-дің 18-турында өте маңызды жеңіске жетті. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері сырта алаңда қостанайдың «Тобылынан» басым түсіп 3:1, «Астананы» қуып жетті. Қазір алматылық ұжым екінші орында келеді.

«КуПС» бір апта бұрынғы жемісті кездесуінен кейін ресми ойын өткізбеді. Команда Финляндия чемпионатында бір тур демалды. 17 турдан кейін үздік үштікті түйіндеуде. Бірінші орыннан 6 ұпайға қалып келеді. Бүгін Куопио қаласының командасы 2 доп айырмасын сақтап қалу үшін барын салатыны анық.

Бұл бәсекеде көп гол соғылмайды деп есептейміз. Fonbet.kz матчтың жалпы тоталы 2.5-нан кем болады деген нұсқаға 2 коэффициент береді. Біз осы вариант ең тиімді деп болжаймыз.

«Динамо» Киев – «Хамрун» Спартанс кездесуіне болжам

Александр Шовковскийдің командасы маусымдағы ресми ойынын мальталық қарсыласымен ашқан. Украина чемпионы бірінші бәсекеде-ақ келесі кезең тағдырын шешіп тастады десе де болады. Мальтада киевтік футболшылар жауапсыз 3 доп соғып, ірі жеңіс тіркеп қайтқан. Енді бүгін Польшадағы жауап ойында сол басымдығын жіберіп алады дегенге сену өте қиын. «Динамо» өткен маусымда УПЛ-дле топ жарды. «Александриядан» 3 ұпай озып, алтыннан алқа тағынды. Биыл енді украиналық топ-клуб ЧЛ топтық кезеңіне шығуды көздейді.

Мальталық команда бірінші кезеңде сенсациялық түрде литвалық «Жальгиристі» жарыс жолынан шығарып тастаған еді. Бірінші ойында сырт алаңда 0:2-мен ұтылып, қарымта бәсекеде пенальтилер сериясының арқасында жолы болып кетті. Енді Украина чемпионымен 3-кезеңді сарапқа салуда.

Бұл матчта алаң иелері көп күш жұмсамайды деп есептейміз. «Динамо» Киев 3 доп басымдығын сақтап, үнемді режимде өнер көрсетуі тиіс. Сол үшін кездесудің жалпы тоталы 3-тен кем деген нұсқаны таңдаймыз. Бұған 1.83 коэффициентімен бәс тігуге болады.

«Дрита» - «Копенгаген» матчына болжам

Командалардың бірінші бәсекесінде Дания чемпионы сенімді жеңіске жеткен 2:0. Бүгін енді Косово чемпионы кеткен есені қайтаруды көздейді. «Дрита» бірінші кезеңде «Дифферданждан» екі ойында басым түсті 1:0, 3:2. Ал маусымдағы үшінші ресми кездесуде «Копенгагенге» шамасы жеткен жоқ.

«Копенгаген» Дания чемпионатында екі тур өткізіп үлгерді –екі жеңіс. «Виборгты» 3:2 және «Вайле» клубын 2:0 ұтқан. Енді бүгін басталған шаруаны аяқтап, 3-іріктеу кезеңіне шығуды ойлайды.

Бұл ойында біз жалпы тотал 2.5-нан көп болады деп топшылаймыз. Бұған сіздер Fonbet.kz-те 1.95 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.

«Црвена Звезда» - «Линкольн Ред Импс» ойынына болжам

Владан Милоевичтің командасы Гибралтардағы бірінші кездесуде зордың күшімен жеңіске жетті 1:0. Сербия чемпионы бір ойыншыға кем ойнаған. Десе де, Дуартенің жалғыз голының арқасында бір доп айырмасымен жауапты кездесуді бастамақ. Гибралтардан кейін Сербия чемпионатында бір матч өткізді. Онда команда «ОФК Белградтан» 7:1 есебімен басым түскен болатын.

«Линкольн Сити» ЧЛ-ны бірінші кезеңнен бастап, Фарер аралдарының чемпионы «Викингурдан» басым түсті 3:2, 1:0. Ал үшінші матчта «Црвена Звездадан» айласын асыра алған жоқ. Мүмкін бүгін сырт алаңда бағы жанып қалар?!

Бұл бәсекеде ашық футбол болады деп ойлаймыз. Гибралтарлық командаға жоғалтатын ештеңе жоқ, сол үшін қонақтар шабуылдайды. Ал шабуыл болған жерде әрине көп гол кіреді. Мұндағы нұсқа екі команданың голы – 2.80 коэффициент тамаша деуге болады.

«Зриньский» - «Слован» Братислава матчына болжам

Босния чемпионы алғашқы айналымда Сан-Марина өкілі «Виртусты» еш қиындықсыз қапы қалдырды 2:0, 2:1. Бірақ, Словакия чемпионынан тас-талқан болып ұтылып қалды 0:4. Бүгін өз алаңында сол гандикапты қайтаратын қауқары бар ма? Боснияда біріншілік әлі басталған жоқ. Ал былтыр команда «Борацтан» 1 ұпай ұзап, чемпион атанған болатын.

Владимир Вайсстың командасы бірінші бәсекеде 3-іріктеу кезеңінің жолдамасын еншілеп қойған секілді. Сырт алаңда 4 доп басымдығын жіберіп алуы мүмкін еместей көрінеді. Бірақ, кім біледі... Словакия чемпионы ЧЛ-дағы бәсекесінен кейін өз чемпионатының бірінші турында «Татран Прешов» клубымен жолығып, ұпай бөлісті 2:2. Жауап ойынға күш сақтады ма?

Бұл ойында екі команданың голы деген нұсқа тиімді көрінеді. Бұған сіздер 1.90 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×