Алматылық "Қайрат" алдағы маусымға арналған қысқы дайындық жоспарын жасап, шетелдік оқу-жаттығу жиындарының бағытын анықтады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клуб екі кезеңді шетелдік жиын өткізуді жоспарлап отыр.
Дикая пуля телеграм арнасының мәліметінше "Қайраттың” дайындығы төмендегідей өтеді:
1. Ақпан – Дубай (БАӘ)
Алғашқы жиын Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді. Бұл кезең — ойыншылардың физикалық формасын біртіндеп қалпына келтіруге бағытталған базалық жаттығулар.
Дубай таңдалуы бекер емес. Ауа райы қолайлы, жоғары санаттағы спорт инфрақұрылымы бар, әлемнің үздік клубтары жиі таңдайтын локация.
2. Екінші кезең – Түркия, Белек
Дубайдағы дайындықтан кейін команда дәстүрлі Белекке аттанады. Мұнда тактика мен жолдастық матчтарға басымдық беруге бағытталады. Түркия — ТМД елдері клубтары жиі жиналатын аймақ, сонымен қатар сапалы қарсыластар табуға да ыңғайлы.
Екі елде жиын өткізу — арзан жоба емес. Әсіресе Дубайдағы кезең клубтан айтарлықтай бюджет талап етеді.
Бұл шешім "Қайраттың” қаржылық жағдайы жақсы екенін, клубтың мақсаттарының жоғары екенін, дайындықты ең сапалы деңгейде өткізгісі келетінін айқын көрсетеді.