“Қайрат” легионері өз ойынын Ағылшын Премьер лигасының деңгейімен салыстырды

02.12.2025, 21:32

Беларусь құрамасының және "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко өзін Ағылшын Премьер лигасының футболшылармен салыстырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қайрат” легионері өз ойынын Ағылшын Премьер лигасының деңгейімен салыстырды

Ойыншының айтуынша, ол Қазақстаннан туған қаласы Минскіге тек Чемпиондар лигасындағы "Олимпиакоспен” матчтан кейін, 10 желтоқсанда ғана оралады.

"Биыл өзіме есептеп көрдім – маусым соңына дейін елуден астам матч ойнаппын. Бұл өте көп. Нағыз АПЛ деңгейіндегі жүктеме ғой.” – деді Громыко.

Футболшының сөзінше, ол жыл бойы Беларуска тек ұлттық құраманың матчтары кезінде ғана барған. Оның өзі де толық емес. Жазда Ресеймен жолдастық кездесудің алдында, қарашадағы Дания және Грекияға қарсы ойындар алдында төрт күндік жиынға ғана.

Ал қыркүйек пен қазан айындағы матчтарда ол Қазақстаннан тікелей Венгрияға ұшқан.

Өткен жылы ол елдегі ең мықты үш ойыншыға "Мартынович, Лапоухов және мен” деп әзіл-шыны аралас тізім жасаған еді.

Қазір бұл туралы:

"Пікірімді өзгерткен жоқпын. Бірақ өзімді атау – әдепке сай емес, ол кезде көбірек әзілдегенмін. Биыл да жаман ойнаған жоқпын, бірақ шешімді мен қабылдамаймын. Егер үштік қажет болса – сол бұрынғы тізім қалатын сияқты.” – деді футболшы football.by сайтына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×