Британиялық The Stats Zone басылымының журналисі Алекс Лоус Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында өтетін "Арсенал" мен "Қайрат" матчына қатысты өз болжамын ұсынды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Алекс Лоустың пайымдауынша, Aлматылық клуб бұл кездесуде гол соға алмайды және айтарлықтай қарсылық көрсете алмай жеңіліске ұшырайды. Сарапшы өз пікірін былай негіздейді:
"Солтүстік Лондондағы бұл ойында "Арсенал” құрамын айтарлықтай жаңартып, ротация жасауы мүмкін. Соған қарамастан, “Зеңбірекшілер” "Қайратты” сенімді түрде жеңуі тиіс. Қазақстандық клуб турнирдің басында жинақы ойын көрсеткенімен, соңғы матчтарда қорғаныс шебіндегі ұйымшылдық жоғала бастағаны байқалды."
Сарапшының түйіні
Журналист Лондондағы ойын алаң иелері үшін еш қиындық тудырмайтынына сенімді. Оның негізгі болжамы: "Арсеналдың” қақпасына гол айырылмай, құрғақ есеппен жеңіске жетуі.