Алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі қорытынды матчқа билеттер сатылымы басталғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл – әлемдік деңгейдегі зәулім стадиондардың бірінде өз командасын қолдауға берілген бірегей мүмкіндік.
Матч қашан және қайда өтеді?
Турнирдің соңғы турында “Cары-Қаралар” Англияның үздік клубтарының бірі – Лондондық "Арсеналмен” кездеседі. Ойын Ағылшын астанасындағы сыйымдылығы 60 мыңнан асатын атақты "Эмирейтс” стадионында өтеді.
• Күні: 28 қаңтар (29-ына қараған түні)
• Уақыты: Астана уақытымен сағат 01:00
• Стадион: "Эмирейтс", Лондон
Жанкүйерлер үшін құны қанша?
Клубтың хабарлауынша, қонақтарға арналған секторға билет бағасы бекітілді. Лондондағы стадионның атмосферасын сезініп, "Қайратты” трибунадан қолдағысы келетін жанкүйерлер үшін бір билеттің құны 36 000 теңгені құрайды.