Биыл 70 жылдығын тойлайтын “Қайрат” 7 қыркүйек күні петерборлық “Зенитпен” жолдастық матч өткізеді, деп жазады Aladop.kz Sport-express.ru сайтына сілтеме беріп.
Сары-қаралардың “Зенитке” қарсы ойыны 7 қыркүйек күні Алматыда өтеді деп жоспарланды. Бұдан бір күн бұрын Орталық стадионда Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасындағы қарсыласын күтеді.
Қос команда өз тарихында бір-біріне қарсы жалпы алғанда 60 ойын өткізген. Соның 17 біздің команданың асығы алшысынан түссе, 22 ресейлік команда өзінің үздік ойынымен жеңімпаз атанды.
Еске салсақ, “Зенитте” отандасымыз Нұралы Әдіп өнер көрсетеді. Ол алдыңғы аптада петерборлық ұжыммен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.
Біздің серіктес: FONBET