Қайрат Нұрдәулетов: Бірінші оқу-жаттығу жиындарын Алматыда өткіземіз

06.01.2026, 15:41

«Жетісу» футбол клубының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов командасының маусымға дайындығы жайлы айтып берді.

Қайрат Нұрдәулетов: Бірінші оқу-жаттығу жиындарын Алматыда өткіземіз
Қайрат Нұрдәулетов

Қайрат Жұмабекұлы жетісулық клубты Самат Смақовтан кейін тізгіндеп отыр. Қазақстандық маман 2024-жылғы маусымда «Жетісуды» жаттықтырған. Одан кейін «Оқжетпес», «Ертісте» жұмыс істеген.

«Бәрі ойдағыдай өтуде. Бірінші оқу-жаттығу жиындарын Алматыда өткіземіз. Ал одан кейін үш аптаға Түркияға барамыз. Маусымға дайындалуға қажеттінің барлығы істелген. Алаңсыз дайындық үшін қолайлы жағдай жасалды. Әрине, кез-келген бапкер командасы үшін жақсы жағдай болғанын қалайды ғой. Бізде әзірге осы. Меніңше, біздің бюджетпен, біздің мүмкіндіктерімізге қарай барлығы ойдағыдай болып жатыр. «Жетісуда» футболға деген көзқарас жақсы. Жергілікті әкімдіктің де көзі түзу секілді. Барынша қолдап, көмектесіп жатқан жайлары бар. Сондықтан, сапалы бір команда жасақтаймыз деген ойымыз бар. Тек жұмыс істеу керек енді», - деді Қ. Нұрдәулетов “Аладоп.кз” сайтына берген сұхбатында.

«Жетісу» былтыр премьер-лиганы 21 ұпаймен 12-орында аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×