Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында «Оқжетпес» сырт алаңда «Жеңіспен» 0:0 есебімен тең түсті. Кездесуден кейін көкшетаулық команданың бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов ойынға қатысты пікір білдірді.
— Бүгін тактикалық жағынан қиын, бірақ мазмұнды ойын болды деп ойлаймын. Бірінші таймда қалағанымыз жүзеге аспаған соң, тактикамызды өзгертуге мәжбүр болдық. Сол өзгерістен кейін, ойын біршама алға жылжыды.
Сырт алаңдағы бір ұпай жақсы нәтиже деп есептеймін. Алда әлі жұмыс көп. Команданың алдында нақты міндеттер тұр. Оны бұған дейін де айтып келемін. Біз алға жылжып, дамуымыз керек. Биіктен көрінуге ұмтылуымыз қажет. Сондықтан жұмысымызды жалғастыра береміз. Бұл команданың болашағы жарқын, — деді Қайрат Нұрдәулетов.