«Жетісу» клубының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов командасының маусымға дайындығы мен басты мақсаттары жайлы пікірін айтты.
Естеріңізде болса, Қайрат Жұмабекұлы осыған дейін 2023-жылғы маусымда жетісулық ұжымды жаттықтырған.
«Клуб жақсы қарсы алды. Басты мақсат –жақсы ойын көрсету ғой. Турнирлік кестеде барынша жоғарырақ болсақ деген жоспарымыз бар. Ең бастысы – жақсы бір құрам жинап, жақсы бір ойын көрсету. Ешкімнен ұялмайтындай ойнасақ болды. Енді, Жетісу жері маған бөтен емес, өзімнің туған аймағым. Сондықтан, туған жердің футболын көтеріп, сол жақтан жақсы бір құрама жинау ниетіміз бар. Бәрі жақсы, дайындығымзды маусымның басы көрсетеді. Қазіргі міндет сол кезеңге тас-түйін болып, бару», - деді Қ. Нұрдәулетов.
«Жетісу» биыл 21 ұпай жинап, турнирлік кестені 12-орынмен аяқтаған болатын. Қайрат Нұрдәулетов Самат Смақовтың орнына келді.