Қайрат Нұрдәулетов емес. Сарапшылар «Ақтөбеге» лайықты бапкерді біледі

23.04.2025, 08:30

«Ислочь» командасының спорттық директоры Александр Быченок meta-ratings.kz порталына көлемді сұқбат беріп, отандасы Виталий Жуковский туралы ойын ортаға салды.

Қайрат Нұрдәулетов емес. Сарапшылар «Ақтөбеге» лайықты бапкерді біледі
Қайрат Нұрдәулетов

Беларусь маманы «Тұранның» бас бапкерінде ҚПЛ-дің топ-клубтарын өрге сүйрейтін әлеует бар деп сенеді. 

«Егер ұйқың қанбай не өзіңді жайсыз сезінсең, Жуковскийдің нұсқамаларынан кейін мотивацияға 100 емес, 150 пайыз толы болып шығасың. Ол өте сапалы маман әрі мотиватор. Кез-келген ұжымнан бір-бірі үшін аянбай шайқасатын отбасы жасақтай алады. Ол үшін қажетті сөздерді тауып, айтады әрі футболшыға алаңнан тыс өмірде де жол көрсете білетін білікті бапкер. Леонидұлының бапкерлік құрамы да керемет, олардың барлығы біртұтас болып жұмыла жұмыс істейді. Жуковскиймен әрдайым ашық сөйлесуге болады, тік сөйлейді, ешкімнен тайсалмайды. 

Ол әрине, мықты клубтарда да нәтиже бере алады. «БАТЭ-де» де өзін жақсы қырынан көрсете алған жоқ па, ал команданың ресурстары неғұрлым мол болса, мүмкіндіктері де соғұрлым көбірек болады. Ол футболды түсінеді және жоғары сапалы ойыншыларды тани біледі. Турнирлік кестенің жоғары бөлігіндегі командалаларға мұндай маманның жаттықтыруы тек қана қызық болатын еді. 

Мен үшін оны қазақстанның топ-клубтарынан көру ерекше болатын еді», - деген болатын А. Быченок. 

Естеріңізде болса, Виталий Жуковский осыған дейін «Атырау» командасын тізгіндеген болатын. Беларусь маманы былтыр «мұнайшыларды» Қазақстан Кубогінің финалына шығарған. Ал биыл жыл басында «Тұранға» келіп, түркістанды да жемісті жұмыс істеуде. Премьер-лиганың 5-турынан кейін түркістандық клуб 7 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. Өткен демалыста Виталий Жуковскийдің командасы өз алаңында «Астанамен» ұпай бөліскен болатын 1:1.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×