«Оқжетпес» футбол клубының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Премьер-лиганың 17-турында «Ұлытауға» қарсы өткен (1:0) матчтан кейін ойынға қатысты пікір білдірді.
- Біріншіден, бүгінгі ойынның сапасына көңілім толмады. Иә, біз қуаныштымыз. Себебі, жеңіске жеттік. Басты мақсатымыз – ұпай жинау, жеңіске жету болды. Бірақ жігіттердің өздері де түсінген шығар. Ойынның сапасы өте төмен деңгейде болды.
Ауа райы да әсер етті: 37–38 градус ыстықта ойнау оңай емес. Оның үстіне, «Ұлытаудың» мотивациясы бізге қарағанда жоғары болды. Жеңіске жеткенімізге қарамастан, ойын сапасы көңілімнен шықпады. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек, — деді Нұрдәулетов.