Қайрат Нұрдәулетов: «Оқжетпеске» келгені тек қана плюс

18.08.2025, 10:44

«Оқжетпес» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов команданың жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықовтың өнерін бағалап, көшбасшылық қасиеттеріне тоқталды.

Қайрат Нұрдәулетов: «Оқжетпеске» келгені тек қана плюс
Серікжан Мужиков

Маусым барысында жартылай қорғаушы көкшетаулықтар сапына «Елімайдан» ауысып келген еді.

- Серікжан Мұжықовтың командада алатын орны ерекше деп ойлаймыз!

- Әрине, Серікжанды енді бәрі таниды ғой. Сондықтан, оның тәжірибесіне, ойын деңгейіне ешқандай сұрағымыз жоқ. Аслан Дарабаев кеткеннен кейін сол деңгейдегі бір ойыншы керек болды. Аслан кетпей тұрып-ақ, Серікжанның өзімен сөйлесіп, ақылдасқан болатынбыз. «Оқжетпеске» келгені тек қана плюс. Жас жігіттер үшін пайдалы болуда. Серікжанның жай жүргенінің өзі жас футболшыларға үлгі! Бізге келгеніне қуаныштымыз.

Серікжан Мұжықов «Оқжетпес» сапында 4 ойынға қатысты. Ал «Елімай» сапында ҚПЛ-2025-те 13 ойында 3 ассисттің авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×